Нұр-Сұлтан 24.5°
×
25.05.2022, 22:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астаналық тұрғын мұнара кранынан 100 метр кабель кесіп алған (ВИДЕО)

50 жастағы қала тұрғынының күзетілетін құрылыс объектісінің аумағына кіріп, мұнара кранынан 100 метр кабельді кесіп тастағаны белгілі болды. Салдарынан 550 мың теңге көлемінде шығын келген. Ұрланған кабельді ол металл қабылдау пунктіне тапсырған, деп хабарлады Elorda.info.

Астаналық тұрғын мұнара кранынан 100 метр кабель кесіп алған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Мұнара краны бояу жұмыстары үшін бөлшектелген. Күдікті мыс кабельді пышақпен кесіп алып, досының көлігімен алып кеткен. Келесі күні тағы келген, алайда күзетшінің көзіне түсіп қалып, ойы іске аспай қалған. 

Ұсталған азамат бұрын бірнеше рет ұрлық істегені үшін сотты болған. 

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері