Нұр-Сұлтан 22.9°
×
24.05.2022, 19:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақтауда балалар көпқабатты үйдің шатырында жүгіріп ойнаған (ВИДЕО)

Ақтауда «Green Park» тұрғын үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Elorda.info lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан 17-шағын аудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында үш бала жүгіріп жүргенін көруге болады. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 23 мамырда сағат 19:45-те 102 кезекші бөліміне 17-ші шағын аудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында балалар ойнап жүргені туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барғанда ешкім болған жоқ. Қазір кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Шатырға кіру жабық, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері