Нұр-Сұлтан 22.9°
×
24.05.2022, 11:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Полигонның зардабы ма»: Қарағанды облысында екі аяқты құлын туды (ВИДЕО)

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады Elorda.info «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ветеринар мамандардың айтуынша, бейнежазбадағы құлынның туғанына 2-3 күн ғана болған. Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған. Ал мамандар мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін екенін айтады. Десе де мұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі дейді олар.

Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па – белгісіз. Сондықтан не жағдай екеніне нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ, - дейді Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ветеринариялық бекет басшысы Аян Міржақыпов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері