Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.05.2022, 19:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Тойда шпагатқа отырған әже желі қолданушыларын таңғалдырды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде ақ жаулықты әже тойда шпагатқа отырып, жиналғандарды тәнті етті, деп хабарлады Elorda.info.

Тойда шпагатқа отырған әже желі қолданушыларын таңғалдырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Stan.kz жазғандай, бейнежазбадан қазақы қамзол киген қарт кісінің билеп жүріп шпагатқа отырған сәті жұрттың таңданысын туғызды. Асаба да, той қонақтары да күтпеген көрініске қайран қалып, шапалақ ұрып жатыр.

Дегенмен желі қолданушылары екі түрлі пікір білдіріп, бірі әжейдің тың қалпына таңдай қақса, енді бірі сынға алып, қарияның қымсынбағанына реніш білдірген.

«Қартайған шағында бір ойрандап қалайын деп ойлаған шығар. Онда тұрған не бар?», «Ұят-ай, масқара», «Үлгі алатын үлкенлеріміз осылай істесе, жетіскен екенбіз», «Көңілі жас екен, көрерміз өздерің қартайғанда қандай болар екенсіңдер, ішпей-жемей қуатын шығарсыңдар», «Өзгені сынағанша, өздерің осындай болып алыңдар», – деп желі қолданушылары деп пікір қалдырып жатыр. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері