Нұр-Сұлтан 23.7°
×
05.04.2022, 20:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыда ТҚКО жұмысшыларын бір топ адам жабылып ұрды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде бірнеше ер адамның Техникалық қызмет көрсету орталығы жұмысшыларын соққыға жығып жатқан видеосы тарады, деп хабарлады Elorda.info.

Алматыда ТҚКО жұмысшыларын бір топ адам жабылып ұрды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бүгінде полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Көлігін жөндетуге орталыққа келген азамат пен ТЖО жұмыскері арасында жанжал болған. Кейін ер адам өзімен бірге он шақты адам ертіп келіп, жұмысшы мен оның серіктесін соққыға жыққан. ТЖО мамандары бас және қабырға жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. 

Полиция аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір істі Жетісу аудандық Полиция басқармасы тексеріп жатыр. 

Кінәлілерді ұстау және жазаға тарту бойынша шұғыл және арнайы шаралар іске асырылып жатыр, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері