Нұр-Сұлтан 22.7°
×
29.03.2022, 12:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Атышулы «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды (ФОТО, ВИДЕО)

ІІМ, ҰҚК және БП-мен бірлесіп, сондай-ақ, арнайы жасақ бөлімшесі Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, бес аңшылық шолақ мылтық, екі жауынгерлік тапанша, «Калашников» пневматикалық автоматы, «Ф-1» қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Ұсталған адамдарға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері