Нұр-Сұлтан 15.9°
×
14.02.2022, 22:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ғалымдар адамның жүрек жасушаларынан балық жасап шығарды (ВИДЕО)

Гарвард және Эмори университеттерінің ғалымдары адамның жүрек бұлшықеттерінің жасушаларынан толықтай автономды, биогибридті балық жасап шығарды. Ол жүрек ырғағымен қозғалып жүзеді. Бұл жаратылыс жүрек ауруларын зерттеуге және жасанды орган жасап шығаруға көмектеседі, деп хабарлайды Elorda.info тілшісі ScienceAlert басылымына сілтеме жасап.

Балық адамның бағана жасушаларынан өсірілген кардиомиоциттерден ажсалған. Ол екі қабаттан тұрады. Оның бірі жиырылғанда, екіншісі созылады. 

Ғалымдар асинхронды бұлшықет жиырылуын тұйық цикл принципі бойынша жасаған. Жүрек соғысының ырғағымен жүзетін балық жүз күннен артық өмір сүре алады. Ол тұз ерітіндісі мен глюкозасы бар аквариумде өмір сүреді. 

Біздің түпкі мақсатымыз – туабітті ақаулармен өмірге келген балалардың жүрегін ауыстыруға мүмкіндік беретін жасанды орган жасап шығару, – дейді биоинженер Кевин Кит Паркер.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері