×
24.12.2021, 17:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

189 астаналық жасқа "Елбасы медалі" табыс етілді

Елордада «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Түрлі салада ерекше көзге түскен 189 үздік жасқа күміс және қола медаль табыс етілді, деп хабарлайды Elorda.info тілшісі.

189 астаналық жасқа "Елбасы медалі" табыс етілді

«Елбасы медалі» бағдарламасы жеті бағыттан тұрады. Атап айтқанда, спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат. Қатысушылар 6 айдан 18 айға дейін өзі таңдаған сала бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Жоба авторының айтуынша, аталған медаль иегерлері жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау кезінде артықшылыққа ие болады. Яғни талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда «Елбасы медалінің» иегеріне басымдық беріледі. 

«Бүгінде жастардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. «Елбасы медалі» бағдарламасы – бұл білімді жетілдіруге және тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың талантын ашуға көмектеседі, олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді қатысады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды», – деді Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

«Елбасы медалі» бағдарламасына 20 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 83%-ы – мектеп оқушылары, 11%-ы – студенттер, 6%-ы –жұмыс істейтін жастар, 24%-ы – ауылдық жерден келген қатысушылар.

Айта кетейік, іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері