Нұр-Сұлтан 24.2°
×
18.12.2021, 18:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!»: Нәрестелерге Президенттің құттықтау хаты жеткізілді

16-17 желтоқсан күндері дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды, деп хабарлайды Elorda.info.

«Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!»: Нәрестелерге Президенттің құттықтау хаты жеткізілді

«Сүйінші» сыйлық жиынтығында бөбектерге қажетті заттардан басқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы және баланың тууы туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Президенттің құттықтауында.

16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолдады.

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

«Өздеріңіз білетіндей, бала туғаннан кейін оларға баланың бірінші құжатын проактивті түрде рәсімдеу ұсынысымен смс келеді. Сондай-ақ, өтінішті портал немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады. Біздің қызметкерлер перзентханаларға барып, босанған әйелдерден тікелей өтініш алды. Алматы қаласы бойынша мереке күндері 215 бала дүниеге келді. Біздің қызметкерлер құжаттарды одан әрі жедел дайындау үшін АХАТ-қа жіберді. Барлық мереке күндері ХҚКО-ның, Қазпоштаның барлық қызметкерлері Президенттің құттықтауы мен сәби бокстарын жеткізу және бокстарды дайындау жұмыстарын жүргізді. Туу туралы куәлікпен қоса, қорапта ҚР Ұлттық банкінен 30 жылдық мерейтойлық монета және ЦентрКредит Банкінен дайындалған баланың күтім заттары бар», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері