Нұр-Сұлтан 26.7°
×
15.12.2021, 15:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналарға арналған мерекелік жиын өтті

Елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы «Бақытты отбасы» пилоттық жобасымен бірге көпбалалы аналарға арнап мерекелік жиын өткізді, деп хабарлайды Elorda.info тілшісі.

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналарға арналған мерекелік жиын өтті

Тәуелсіздік күніне орайластырылған жиынға елордалық көпбалалы аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, волонтерлер, қоғам белсенділері және әр салада жетістікке жеткен табысты қыз-келіншектер қатысты.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерді қолдау және ынталандыру, мемлекеттің негізі болып табылатын отбасын насихаттау мақсатында бүгін мемлекет қолдауына мұқтаж елордалықтарға арнап ерекше форматта мерекелік басқосу ұйымдастырдық. Аналарға қолдау білдіріп, рухани күш-жігер беру үшін әр салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдерді де шақырдық», – дейді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Садыр.

Айта кетейік, аталмыш орталық қиын жағдайға тап болған елордалық тұрғындарға қол ұшын берумен айналысады.

«Қазіргі таңда орталықта 28 қызмет түрі көрсетіледі. Соның аясында орталық қызметкерлері мемлекет тарапынан жеңілдікке мұқтаж жандарға консультациялық кеңестер беріп, құжаттар дайындауға көмектеседі. Сондай-ақ олардың проблемаларын шешу үшін әртүрлі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесулер ұйымдастырады», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері