Нұр-Сұлтан 18.6°
×
14.12.2021, 22:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада автошеру өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалы автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада автошеру өтті
Фото: дереккөз

Автомобиль колоннасы «Қазақстан» спорт кешені жанындағы алаңнан басталды. Маршруттың соңғы нүктесі – ҚР Орталық Туы. Мерекелік кортеж 10 км қашықтықты жүріп өтті. Әр көлікке Қазақстан туы ілінді.

Акцияға еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты.

Автошерудің негізгі мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін көрсету, сондай-ақ жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері