Нұр-Сұлтан -8.2°
×
04.12.2021, 16:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Бүгін ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының кубогіне жасөспірімдер арасында қоян-қолтық жекпе-жектен сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.Info.

Елордада жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті
фото: Раджан Жасуланов

Ондағы мақсат – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қатысушылардың спорттық техникалары мен тактикаларын шыңдау. Сонымен қатар олардың уақыттарын тиімді пайдаланып, жағымсыз әрекеттерге бой алдырмау.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция депараментінің бастығы, генерал-майор Ержан Саденовтың сөзінше, спорттық сайыстар салауатты өмір салтын қалыптастырады.

«Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойымен құттықтаймын! Жастарымыздың ойы сергек, дені сау болуы үшін спорттың алар орны ерекше. Бүгінгі шара кейінгі буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, дамыту үшін өткізілуде. Спортта үлкен жетістіктерге жетіп, мерейлеріңіз арта берсін», – деді Е.Саденов.

Еліміздің жас ұрпағын қолдау мақсатында осы шараға бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов пен ватерпол спорт түрі бойынша олимпиада чемпионы, Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Котенко арнайы қатысты.

«Динамо» дене шынықтыру және спорттық қоғамының бірінші орынбасары Болат Әбелдиновтың айтуынша, аталған спорттық шара бұқаралық спорт түрін дамытуға арналған.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында осы шараны өткізіп отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Ержан Саденов кубогы бойынша қоян-қолтық жекпе-жектен турнир өтіп жатыр. 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысып, 10 командалық топ құрылды. Жалпы, 400-ден астам қатысушылар болады. Мұндай шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты дамыту», – деді Б. Әбелдинов.

«Динамо» спорттық қоғамы 200 ден астам мектеп оқушыларына тегін жаттығуға мүмкіндік берген. Олар жекпе-жек, таеквандо және қазақша күресті үйреніп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері