Нұр-Сұлтан -7.9°
×
04.12.2021, 10:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жамбыл әлемі» 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді

Алматыда Жамбыл Жабаевтың «Жамбыл әлемі» 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлады Elorda.Info.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жамбыл әлемі» 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді
Фото: inform.kz

Аталған шара жыр алыбының 175 жылдығына және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз елінің делегациясын бастап келген Қырғызстан Мемлекеттік хатшысы Сүйүмбек Касмамбетов қатысты.

«Жамбыл әлемі» 30 томдығын Алматы облысының әкімдігі мен Жазушылар одағы бірлесіп шығарды. Оған облыстық бюджеттен 114 млн теңге бөлінді. Онда ақынның өмір тарихы, шет тілден аударылған шығармалары, музыкалық мұрасы, Жамбыл Жабаев туралы зерттеулер, естеліктер, ақынның ұстаздары Сүйінбай, Қабан жырау, Майлықожа, замандастары, шәкірттері туралы деректер мен шығармалары, Ж.Жабаев туралы көркем шығармалар, Жамбылдың талантты ұрпақтары жайлы және басқа да деректер енгізілген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері