Нұр-Сұлтан -9.9°
×
02.12.2021, 19:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық зияткерлер қазақ күйлерін орындады

Ел Тәуелсіздігнің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары «Ұлы дала мұрагерлері» жобасы аясындағы домбырашылар флешмобын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық зияткерлер қазақ күйлерін орындады

Шараның мақсаты жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытып, ұлттық өнерімізді насихаттау және ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.

Флешмобқа оқушылар мен ұстаздардан құралған шығармашылық топ Құрманғазының “Балбырауын”, Мәлгәжар Әубәкіровтың “Наркескен” және Нұрғиса Тілендиевтың “Әлқисса”  секілді қазақ күйлерін шебер орындады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларға академиялық білім беріп қана қоймай, баланың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру бағытында көптеген жобаларды іске асыруда. Бүгінгі шарада жас зияткерлер барлық салт-дәстүрлерді дәріптеп, Қазақтың күй өнерін жаңғыртты. Бұл оқушылардың Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнауы, – дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағрипа Бүркітбайқызы.

Айта кетейік, «Ұлы дала мұрагерлері» флешмобы  жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардан құралған мыңдаған домбырашы бір уақытта қазақи аспаптық шығармаларды домбыра үнімен орындап, мерекені ұлықтайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері