Нұр-Сұлтан -7.9°
×
30.11.2021, 13:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада «Арнау» атты симфониялық музыка кеш өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Астана Балет» театрымен бірлесіп, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жобасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Арнау» атты симфониялық музыка кешін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада «Арнау» атты симфониялық музыка кеш өтеді

11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда «Астана Балет» театрының сахнасында Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) беделді ХХ халықаралық пианистер байқауының лауреаты, феноменальды қазақстандық пианист Әлім Бейсембаевтың қатысуымен Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтеді.

Әлім Бейсембаевтың жеңісі бүкіләлемдік классикалық музыка қауымы үшін тың серпін болғаны сөзсіз.

Жас пианист Әлім Бейсембаев классикалық музыкада орындаушылық биіктерге жетіп, ең беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанғаны қуантады. Елордада өтетін бұл концерт еліміздің музыкалық өміріндегі тамаша оқиға болмақ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері