Нұр-Сұлтан -0.8°
17.11.2021, 15:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мектеп оқушылары арасында шығармашылық байқау жарияланды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Байқоңыр ауданының әкімдігі қала мектептерінің оқушылары арасында "Ел болашағы" әдеби-шығармашылық конкурсын жариялайды, деп хабарлады Elorda.info

Мектеп оқушылары арасында шығармашылық байқау жарияланды

Шығармашылық байқау 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Қатысушылар авторлық немесе белгілі ақындар мен жазушылардың шығармаларын оқып, бейнеге жазуы керек. Жеңімпаздар үш жас санаты бойынша 2 топта (авторлық шығармалар және белгілі ақындар мен жазушылардың шығармалары) анықталады:

1) 6-8 жас;

2) 9-13 жас;

3) 13-18 жас.

Осылайша, байқау қорытындысы бойынша 1-орынның алты иегері анықталады, оларды арнайы жүлделер күтеді. 2-3-орын алған қатысушылар Байқоңыр ауданы әкімдігінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған конкурсқа қатысу үшін #байқаубайқоныртәуелсіздікке30жыл хештегімен бейне түсіріп, аудан әкімдігінің ресми аккаунтының дайректісіне сілтеме жіберу қажет.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері