Жаңа басшыны Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев таныстырды
Елордалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды. Ол – Рустам Ғасизов.
Рустам Ахмеджанұлы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.
2002 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы мен Астананың Полиция департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Осы жылдың 6 тамызында Ішкі істер министрінің бұйрығымен Рустам Ғасизов Астана қаласы ПД ЕҚҚІБ бастығы болып тағайындалды.