×
16.08.2022, 16:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып Нұрмұхаммед Байғараев тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Президент баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Ол осыған дейін Amanat партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарған.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері