Elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурор Нұр-Сұлтан қаласының прокурорын тағайындады, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды

Аға әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Е.Өтегенов 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.

Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.

2019 жылдың маусымынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Тағайындау