Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, – делінген хабарламада.