Нұр-Сұлтан 9.4°
×
20.01.2022, 14:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Қазтелерадио» Басқарма төрағасы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Хайратұлы Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info

«Қазтелерадио» Басқарма төрағасы тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген.

1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды.  

1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымда болды. 

Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ін басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында  20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді.

«Құрмет» орденінің, Қазақстан Республикасындағы басқа да бірқатар медальдар иегері,  «Құрметті байланысшы» деген атағы бар. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері