Нұр-Сұлтан -11.6°
×
13.01.2022, 15:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Александр Данилов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Александр Сергеевич Данилов Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.


Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болды.

Еңбек жолын қоғамдық саладан бастаған, әр жылдары қоғамдық жастар ұйымдарының басшысы болған.

Сондай-ақ, жеке ұйымдарда да басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Stopfake.kz. жобасының жетекшісі болды. 

 

Тағы оқи отырыңыз: Ерлан Баттақов Сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері