Нұр-Сұлтан 20.6°
×
11.01.2022, 17:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы жарияланып, Асқар Қуанышұлы Умаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін ол Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған. 

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетін бітірген.

1997-1998 жылдары - «Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы» әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары - «Қазақстанның Шағын Бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары - «РГ «Новости недели» ЖШС корреспонденті.

2005-2006 жылдары - «Қазақстан» РТРК" АҚ - «Астана» бөлімшесі Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары - «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары - «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жыл - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары - қоғамдық қор президенті.

2017-2020 жылдары - «ҚазАқпарат» ЖШС бас директоры, «ҚазАқпарат» ХАА Басқарма төрағасы болды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері