Нұр-Сұлтан -8.3°
23.11.2021, 16:44
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ерлан Қарабалаев «Elorda Aqparat» ұжымына директор болып тағайындалды

«Elorda Aqparat» ЖШС-нің директоры болып Ерлан Қарабалаев тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Ерлан Қарабалаев «Elorda Aqparat» ұжымына директор болып тағайындалды

Е.Қарабалаев 1983 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттанушы», Д.Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Халықаралық даму «Конфликтология, қауіпсіздік, және даму» магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2004 жылы Орталық-Азиялық ақпараттық желісінің баспасөз хатшысы қызметінде бастады.

2005-2008 жж. «Елім-ай» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Өмір жігері» ЖШС РR және жарнама жөніндегі басқарма бастығы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ РR бойынша басқармасының жетекші маманы.

2008 ж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы және бөлім бастығы.

2008 және 2015 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма бастығы және департамент директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

2016 және 2021 жылдарда Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, Білім басқармасы басшысының орынбасары, Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы уақыттарда Elorda.info желілік басылымының бас редакторы, «Elorda Aqparat» ЖШС-нің директорының орынбасары болып қызмет еткен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері