×
17.03.2023, 13:34
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қуат Хамитов өзбекстандық спортшыны қылғындырып тастады (ВИДЕО)

Қуат Хамитов бастапқыда ресейлік Акоп Степанянмен (27-12) айқасуы керек болған

Қуат Хамитов өзбекстандық спортшыны қылғындырып тастады (ВИДЕО)
Фото: prosports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Атырау қаласында өткен Mergen Fighting Championship 4 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info.

«Найман» лақап атымен танылған ол өзбекстандық спортшы Бобур Абдулазизовпен жекпе-жек өткізді. Кездесу үш раундқа жоспарланғанымен, Қуат Хамитов екінші раундта қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық файтер кәсіби мансабында жиырма бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Бобур Абдулазизов оныншы рет жеңіліп отыр.

Қуат Хамитов бастапқыда ресейлік Акоп Степанянмен (27-12) айқасуы керек болған. Алайда ол белгілі себептерге байланысты Қазақстанға келе алмады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері