Elorda.info

Ербол Хамитов Швециядағы әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр

Ербол Хамитов Швециядағы әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе, неміс спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген 
болатын.

Айта кетсек, парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт