×
25.01.2023, 19:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Азия чемпионаты: Қос қазақ боксшысы чемпион атанды

Қазақстан қыздар құрамасы 2 алтын, 7 қола медальді жеңіп алды

Азия чемпионаты: Қос қазақ боксшысы чемпион атанды

Бүгін Азия чемпионатының бұрымдылар арасындағы финалдық айқастары өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы турнирдің шешуші айқасында 70 келіде Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зокировамен шықты. Үш раунд қорытындысы бойынша Жасмин жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші алтынды салды. 

Ал 81 келі салмақтағы Гүлсая Ержан финалда шаршы алаң иесі, таиландтық Порниппа Чутимен рингке шықты.

Төрешілер бірінші раундта жергілікті боксшы басым деп тапқанымен, екінші кезеңде Гүлсая таразы басын өзіне аударды. Қорытынды есеп – 3:2, Гүлсая Ержанның пайдасында.

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Азия біріншілігінде 2 алтын, 7 қола медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы жарыста 6 боксшымыз финалда ел намысын қорғайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері