×
25.01.2023, 17:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

IBF шартының уақыты аяқталуға таяды

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: Prosports.kz

Жеңілмеген бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 KO) айқас Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) үшін қолжетімді болмақ. Бұл туралы ESPN арнасының латынамерикалық тілшісі Фернандо Барбоза айтты, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин «Канеломен» жекпе-жекте мол табысқа кенелді. Бұл өте тиімді айқас болды, өйткені ол орта салмақтағы титулдарын да сақтап қалды. Кейінгі кезде GGG-ді мықты боксшылардың көбі айқасқа шақырды, бірақ нақты ұсыныс болған жоқ. IBF шартының уақыты аяқталуға таяды. Сондықтан ең дұрысы – титулды қорғау. Фалькао Қазақстанда жұдырықтасуға дайын. Головкин осындайды ұйымдастыруды көптен армандаған сияқты, – дейді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері