×
30.11.2022, 15:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қатар-2022: D тобында екінші жолдама кімге бұйырады

Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталады

Қатар-2022: D тобында екінші жолдама кімге бұйырады
Фото: Ашық дереккөз

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 30 қарашада D тобында үшінші тур ойындары басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, аталған топтағы екі ойын да елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Бұл топта Франция алғашқы екі турда жеңіске жетіп, плей-офф сатысына шығып үлгерді. Қалған үш құраманың да жарысты жалғастыруына мүмкіндігі бар. Екі турдан кейін Австралияда - 3, Дания мен Тунистің - 1 ұпай.

Тунис пен Франция кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Эр-Райян қаласындағы 44 667 жанкүйерге арналған «Эдьюкейшн Сити» стадионында өткізіледі. Бас төреші – жаңазеландиялық Мэттью Конгер.

FIFA рейтингінде Тунис - 30, Аргентина 4-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында аргентиналықтар басым түсті.

Ал, жанкүйерлердің Аустралия мен Дания кездесуін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалуына болады.

Ойын Эль-Вакра қаласындағы 44 325 жанкүйерге арналған «Эль-Джануб» стадионында өткізіледі. Бас төреші – алжирлік Мустафа Горбаль.

FIFA рейтингінде Австралия - 38, Дания 10-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Оның 2-еуінде даниялықтар, 1-еуінде австралиялықтар жеңіске жетсе, енді 1-інде тең нәтиже тіркелді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері