×
30.11.2022, 14:19
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық бойжеткен еркін күрестен Азия чемпионы атанды

United World Wrestling ұйымы спортшыға арнайы хат жолдаған

Қазақстандық бойжеткен еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгілер арасында Лаура Алмағанбетова чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап. 

United World Wrestling ұйымы Лаура Алмағанбетоваға арнайы хат жолдаған. Онда Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында Лаурамен белдесіп, алтын медаль жеңіп алған үндістандық спортшының допингке қарсы талаптарды бұзғаны жазылған.

Осылайша, чемпионаттың 57 келіге дейінгі салмақтағы алтын медалі қазақстандық спортшыға беріледі.

Лаура Жақсылыққызы Қостанай облысында туған. 2004 жылдан бері Сарыкөл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Респбликасының алты дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына іріктеліп алынған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері