×
30.11.2022, 14:39
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«IBO белбеуін алып кетемін»: Энрике Луис Жанқош Тұраровқа үн қатты (ВИДЕО)

11 желтоқсанда боксшылар Алматы төрінде рингке шығады

«IBO белбеуін алып кетемін»: Энрике Луис Жанқош Тұраровқа үн қатты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Испания атынан шығатын тегі венесуэлалық боксшы Энрике Луис қазақстандық Жанқош Тұраровқа үн қатты, деп хабарлады Elorda.info. 

Vesti.kz сайтының жазуынша, 11 желтоқсанда боксшылар Алматы төрінде рингке шығады. Бұл жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental белбеуі сарапқа салынады. Осы орайда Луис белбеуді алып кететінін мәлімдеді. 

Армысыз, бокс сүйер қауым. Мен венесуэлалық Луис Энрике Ромеро, Испаниядан Қазақстанға ұшып келемін де, IBO белбеуін алып кетемін. 11 желтоқсанда, күтіңіздер!" - деп жазды боксшы Instagram желісінде. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері