×
28.11.2022, 08:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды
Фото: ktf.kz

Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен таласады.

Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогының финалистері – Канада мен Аустралия, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері