×
27.11.2022, 11:22
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әлем чемпионаты: Бүгін Испания мен Германия кездеседі

Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді

Әлем чемпионаты: Бүгін Испания мен Германия кездеседі

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 27 қараша мен 28 қарашаға қараған түні төрт ойын өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана уақытымен сағат 16:00-де Жапония – Коста-Рика, 19:00-де Бельгия – Марокко матчтары басталады. Екі ойында да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сағат 22:00-де Qazaqstan және «Qazsport» телеарналары Хорватия – Канада матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

Қарашаның 27-нен 28-іне қараған түні сағат 01:00-де Испания – Германия кездесуі басталады. Бұл суперматчты да екі телеарна – Qazaqstan және Qazsport көрсетеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері