×
26.11.2022, 10:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Аcтанада шорт-тректен ашық қала чемпионаты өтеді

Жарыс «Алау» мұз сарайында өтеді

Аcтанада шорт-тректен ашық қала чемпионаты өтеді
Фото: ашық дереккөз

Аcтанада шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа еліміздің Көкшетау, Қостанай, Қызылорда. Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласынан 180 қатысушы тіркелген. Олар екі күн бойы өздерінің бақтарын сынайтын болады. Сонымен қатар осы жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері Абзал Әжғалиев құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Жарыстың ашылу салтанаты «Алау» мұз сарайында 29 қараша сағат 11:00-ге жоспарланған. Ал жарыстың өзі екі күн бойы таңғы 09:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

Кіруі тегін.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері