×
25.11.2022, 15:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада еркін күрестен халықаралық жарыс өтеді

Жарыс 18 желтоқсанда «Жекпе-жек» сарайын­да болады

Елордада еркін күрестен халықаралық жарыс өтеді

Астанада еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ MMA шеберлері мен танымал блогерлердің басын қосатын Wrestlings Stars атты халықаралық дода өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс біріккен күрес әлемінің ережесіне сай ұйымдастырылады. Еркін күрес майталмандарынан бөлек, ММА шеберлері мен танымал блогерлер жекпе-жекке тастүйін дайын.

Турнирде 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, Олимпада және әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрислам Санаев, ММА шеберлері Василий Тахтай, Арман Әшімов, Әліби Ыдырыс, Бағдат Жұбаныш, Жұман Жұмабеков, Tartyl Fest жобасының амбассадоры Айтым Жақыпов бақ сынайды.

Аталған күрес мере­кесін 18 желтоқсан күні «Жекпе-жек» сарайын­да тамашалауға мүмкіндік бар. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері