×
24.11.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты тың ақпарат шықты

Қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын

Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты тың ақпарат шықты

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Боксшы Айдос Ербосынұлы жекпе-жектен кейін комаға түсті

АҚШ-тағы өкіліміздің сөзінше, боксшымыздың денсаулығы айтарлықтай жақсарды, соның ішінде физикалық жағдайы – Айдос өздігімен аяғын басып, жүре алады. Сондай-ақ боксшымыздың ақыл-есі жақсы. Онымен қоса, Айдос дәрігерлердің сұрағын түсініп, оларға оп-оңай жауап беріп жатыр. Мамандар мәліметіне сәйкес, Айдос тез сауығып келеді.

Өкіліміздің айтуынша, таяу уақытта боксшымыз ауруханадан шығарылып, Отанына оралуы ықтимал.

Сондай-ақ АҚШ-қа Айдостың жұбайы барды. Қазір ол боксшының жанында. Әрине, ол үшін бұл үлкен қолдау, - деп хабарлады Suleimen Promotions компаниясының өкілдері.

Еске сала кетсек, қараша айының басында қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін өтті.

Оқи отырыңыз: «Мен сен үшін дұға етемін, бауырым»: Альварес комада жатқан қазақ боксшысын қолдады

Айқастан кейін А.Ербосынұлы шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері