×
01.10.2022, 13:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Астанада паракаратэден чемпионат өтті

Оған 50-ге жуық пара спортшы қатысты

Астанада паракаратэден чемпионат өтті

Елордада тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті нашар және  ақыл-ойы зақымданған спортшылар арасында пара каратэден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларынан бөлек, Ақмола, Жамбыл аймақтарынан 50-ге жуық пара спортшы қатысты.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау ортағының жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары  Әділхан Өмірзақов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі.

Қайырлы күн құрметті спортшылар және жарыс қонақтары! Бүгін сіздерді ҚР Чемпионатында көргенімізге қуаныштымыз. Аталмыш жарыс елордада алғаш рет өткізіліп жатыр. Ендігі кезекте бұл Чемпионат дәстүрлі жарыстардың қатарына кіріп, өз орнын айырықша табады деп сенеміз. Баршаларыңызға сәттілік, тек жеңісті күндеріңіз көп болсын,- деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Чемпионатқа сегіз жастан бастап қырық жасқа дейінгі спортшылар "ката" түрі бойынша өзара сыңға түсті.

Өтіп жатқан жарыс қаламызда алғаш рет өткізлуде. Бүгінгі жарыста жеңімпаздарымыз алдағы уақытта өтетін Азия, Әлем Чемпионатына тікелей  жолдама алады, дейді пара каратэ федерациясының басшысы Мейрамгуль Дукуева.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық команданың қоржыны сегіз алтынмен, төрт күміспен және жеті қола медальмен толықты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері