×
28.09.2022, 14:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі себеттер белгілі болды

Қазақстан құрамасы 4-себетке түсті

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі себеттер белгілі болды

Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 9 қазан күні Франкфурт қаласындағы «Фестхалле» көрме орталығында өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жеребе тарту рәсіміне УЕФА ұйымына мүшелік ететін 53 ассоциация қатысады. Командалар рейтингіне сәйкес 6 себетке бөлінген. Қазақстан құрамасы алғаш рет ең жоғары 4-себетке түсті.

1-себет: Дания, Португалия, Бельгия, Венгрия, Швейцария, Польша;

2-себет: Франция, Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс, Израиль, Босния және Герцеговина, Сербия, Шотландия, Финляндия;

3-себет: Украина, Исландия, Норвегия, Словения, Ирландия, Албания, Черногория, Румыния, Швеция, Армения;

4-себет: Грузия, Грекия, Түркия, Қазақстан, Люксембург, Әзербайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары, Солтүстік Македония;

5-себет: Словакия, Солтүстік Ирландия, Кипр, Беларусь, Литва, Гибралтар, Эстония, Латвия, Молдавия, Мальта;

6-себет: Андорра, Сан-Марино, Лихтенштейн.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері