×
27.09.2022, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада эстетикалық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

21 команда үш жас санаты бойынша сынға түседі

Астанада эстетикалық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

1-2 қазан аралығында елордадағы Aspan спорт кешенінде эстетикалық гимнастикадан ел чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа Маңғыстау облысы және Алматы, Шымкент, Астана қаласының 160-тан астам спортшысы қатысады. Атап айтқанда 21 команда үш жас санаты бойынша сынға түседі. Олар: 12-14 жас, 14-16 жас (жасөспірімдер) және 16 жастан жоғары гимнасшылар.

Барлық жанкүйер үшін жарысқа кіру тегін. Жеңімпаздар 24-28 қараша аралығында өтетін Австрияның Грац қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Чемпионаттың ашылу салтанаты 1 қазан күні сағат 11.00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, чемпионатта Қазақстан эстетикалық гимнастика федерациясының президенті Мадина Бектұрғанова төрелік етпек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері