×
26.09.2022, 18:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Локомотивке» қарсы ойнайды

Матч сағат 22:20-да басталады

ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Локомотивке» қарсы ойнайды
Фото: hcbarys.kz

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында ярославльдік «Локомотивпен» кездеседі, деп хабарлады Elorda.info.

«Локомотив» кейінгі төрт матчта жеңіске жетті және бұл серияны жалғастыруға тырысады. «Барыс» ҚХЛ құрылғалы бері Ярославльде бұл команданы бір рет жеңе алмаған.

«Локомотив» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:20-да басталады. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері