×
22.09.2022, 12:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Қазақстан-Беларусь құрамалары кездеседі

Кездесу «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі

Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Қазақстан-Беларусь құрамалары кездеседі
Фото: kff.kz

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші кезеңінде Қазақстан өз алаңында Беларусьті қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы он ұпаймен көш басында тұрса, алты ұпай еншілеген Словакия екінші орында келеді.

Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны сырт алаңда 1:0, өз алаңында 2:1 есебімен жеңген болатын.

Ал Беларусьпен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түскен еді.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары – Беларусь, Әзербайжан мен Словакия құрамалары.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері