×
16.08.2022, 15:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент кубогы: «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі

«Барыс» хоккей клубы ҚР Президенті кубогындағы алғашқы матчын бүгін «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Президент кубогы: «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Фото: ашық дереккөз

Ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағы бір ойында «Металлург» (Магнитогорск) пен «Нефтехимик» (Нижнекамск) командалары өзара кездеседі.

Турнир 19 тамызда мәреге жетеді.

«Барыс» хоккей клубы мәлім еткендей, Президент кубогы матчтарына қатысатын команда құрамы мынадай:

Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Кристофер Биграс, Тамирлан Гайтамиров, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Максим Минеев, Эмиль Нұрғалиев, Юрий Сергиенко, Владислав Семин, Тимур Фаткуллин, Егор Шалапов, Эдуард Шетле.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Джереми Бракко, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Абай Маңғысбаев, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Андрей Рунов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері