×
16.08.2022, 16:33
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық жасөспірімдердің әлемдік рейтингтегі жеке рекордтары жаңарды

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгі теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингісін жария етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық жасөспірімдердің әлемдік рейтингтегі жеке рекордтары жаңарды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық жас теннисшілер өткен аптамен салыстырғанда, едәуір жоғары сатыға көтерілді.

Максим Батютенко бірден 16 сатыға жоғарылап, 59-орынға жайғасты. Душанбеде абсолютті жеңімпаз атанған Виталий Зацепин 588-ден 498-ге көтерілді.

Қыздар арасында Аружан Сағындықова алғаш рет үздік 60 теннисшінің қатарына кірді, қазір ол 51-сатыда. Сондай-ақ, көрсеткіштерін жақсартқан Сандуғаш Кенжебаева 65-ші (+24), Жанель Рүстемова 128-ші (+9), Еркежан Арыстанбекова 179-орында (+26) тұр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері