×
16.08.2022, 09:27
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық зілтемірші Ислам ойындарының рекордын орнатып, чемпион атанды

Қазақстандық зілтемірші Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық зілтемірші Ислам ойындарының рекордын орнатып, чемпион атанды

А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада жарыс жеңімпазы атанды.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 кг, жұлқа көтеруден 147 кг, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, А.Муптилда үш алтын, Л.Ковальчук үш күміс медальді еншіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері