×
14.08.2022, 11:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды (ФОТО)

Бүгін Нұр-Сұлтанда беделді спорттық жарыстардың бірі – Ironman триатлон сериясының BI Group Ironman 70.3 Astanа жарысы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды (ФОТО)

Биыл стартқа BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушылары ғана емес, сонымен қатар толықтай жарысу қашықтықтары бойынша BI Group Ironman Kazakhstan қатысушылары да өз бақтарын сынауда.

Бүгінгі таңда 2 200 әуесқой триатлоншылар өз күштерін сынауда. Олардың ең жасы Үндістан елінің өкілі – Avishkar Gacgale (18 жаста), ал ең үлкен қатысушылар – ресейлік Сергей Кольга мен Германиялық Реинхард Дрогла (72 жаста).

Әлемнің 75 елінен келген 112 эстафеталық команданың 1 400 қатысушысы «жартылай» қашықтықта, 800-дей қатысушы «толық» қашықтықты бағындыратын болады.

Қазақстандық қатысушылар арасында «Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіби триатлоншы Екатерина Шатная және «Алматы Марафон» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева бар.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев стартқа жиналған триатлеттерге сәттіліктер мен жарқын жеңістер тіледі.

Құрметті спортшылар, қонақтар! Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер! Көптен күткен ауқымды IRONMAN жарысы міне елордамызда өткізілгелі отырмыз. Ұзақ үзілістен, пандемиядан кейін, биыл міне Нұр-Сұлтан қаласында қайта ұйымдастырудың сәті түсіп отыр. Барша жарыс қатысушыларына сәттілік, жеңіс тілейміз, - деді Алтай Көлгінов.

Ұзақ карантин кезеңінен кейін қазақстандық спортшылар бүгін жарысқа қайта оралды. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Біз жарыста 45 слот ойнау мүмкіндігіне ие болдық, сондықтан олар мықтыларға бұйырсын, - дейді жарыс директоры Алексей Сидоренко.

Жарыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен өтуде.

Еске сала кетейік, IRONMAN старты жыл бойы жер шарының түрлі орындарында өтеді. Олардың әрқайсысында маусымның басты старты – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады.
BI Group IRONMAN Kazakhstan Гавайи, Калуа-Конада IRONMAN World Championship 2022-де 45 слот ойнатылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері