×
14.08.2022, 11:27
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық жүзгіш Түркияда рекорд орнатып, алтын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық жүзгіш Түркияда рекорд орнатып, алтын жеңіп алды

Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңіске жетті. Финалда қазақстандық 31,71 секунд уақытта мәреге жетіп, жаңа турнир рекордын орнатты.

Аделаида Пчелинцева – 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша бұған дейін де рекорд орнатқан. 2018 жылы ол бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды. 

Айта кетейік, бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтуде. 24 спорт түрінен бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысуда. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері