×
13.08.2022, 09:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарының жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды

Елге танымал ауыр атлеттердің бірі Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды.

Елена Шалыгинаның әйелдер күресінен (65 келі, алтын медаль) жеңісінен кейін 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі зілтеміршіміз Чиншанло түрік жерінде барлығы 220 келіні (95-125) көтерді.

Айта кетейік, Зульфия 130 келіде үшінші мүмкіндігін жүзеге асыра алмады, бірақ соған қарамастан оның ең жақын қарсыласы Нигериядан 18 келі артық көтерді. Жарыстың барлық кіші медальдарын да жеңіп алды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері