Elorda.info

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда үлкен турнир өткізеді

UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle FC лигасы бойынша Қазақстанда үлкен турнир өткізу жөніндегі жоспарын жариялады, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда үлкен турнир өткізеді

Аталған турнирдегі басты жекпе-жек орта салмақтағы Eagle FC чемпионы, тәжікстандық файтер Фаридун Одилов (12-2) және қазақстандық Дәурен Ермековтің (14-5) арасында болмақ.

«Екеуі жекпе-жек өткізуге келісім берді. Жекпе-жек желтоқсан айында Қазақстанда ұйымдастырылады деген ойдамыз», - деді Хабиб Нурмагомедов.

Айта кетсек, Дәурен Ермеков Ақтау қаласында 17 шілдеде орта салмақтағы Eagle FC уақытша титулына ие болды. Ол жекпе-жек барысында ресейлік Гамзат Хирамагомедовті (9-2) екінші раунда нокаутқа түсірген болатын.

 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт