Elorda.info

2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы қай елде өтетіні белгілі болды

2026 жылғы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы Өзбекстанда өтетін болды, деп хабарлады Elorda.info.

2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы қай елде өтетіні белгілі болды

Бұл шешімді Халықаралық Шахмат федерациясының Бас Ассамблеясы қабылдады.

Өзбекстан Шахмат Федерациясының және жастар ісі жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлішер Садуллаев Үндістанның Ченнай қаласында Дүниежүзілік шахмат федерациясының Конгресі өткенін айтты.

Конгресте 2026 жылғы шахмат олимпиадасының қайда өтетіні анықталды. Үміткер болып Польша, Замбия және Өзбекстан тіркелген еді. Польша мен Замбия елдерінің кепілдік хаттарының болмауына байланысты Өзбекстан жеңімпаз атанды.

Осылайша көршілес ел алғаш рет шахмат олимпиадасын ұйымдастырмақ.

2024 жылы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы Будапешт қаласында (Венгрия) өтеді.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт