Elorda.info

Юлия Путинцева Торонто турнирінде әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Юлия Путинцева Торонто турнирінде әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен ойнады.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басым түсті- 7:5. Екінші сетте есеп 1:0 болған кезде испаниялық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен кездеседі.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт